ҚР ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев Павлодар облысына барды

ҚР ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев Павлодар облысына барды

Ағымдағы жылғы 19 қараша күні ҚР ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ахуалдық залында вице-министрдің төрағалығымен кеңес өтті, оған Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Кеңесте Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Алексей Двинянин күштер мен құралдардың қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ-ға жоюға дайындығы туралы баяндады, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі туралы баяндамалар тыңдалды.

Кеңесті қорытындылай келе, вице-министр Мереке Пішембаев ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің басшылығына объектілерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Одан әрі вице-министр денсаулық сақтау объектілеріне, ТЖ департаментінің бөлімшелеріне,  өрт сөндіру күзеті мұражайына барды.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында вице-министр Ақсу қаласына барды. Су тасқыны шараларын тексеру мақсатында қала әкімімен бірлесіп Ақсу кентіндегі бөгетті қарап шықты, Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ерікті өрт сөндіру қоғамы мен Ақсу қаласының өрт сөндіру бөліміне барды.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі