
Қауіптің алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтаңыз:
Электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз, бірнеше қуатты электр құрылғысын бір уақытта қоспаңыз;
Тек жарамды розеткалар мен электр сымдарын пайдаланыңыз;
Электр жылытқыштары мен зарядтау құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
Күйік иісі шықса, ұшқын байқалса немесе розетка қызып кетсе, электр қуатын дереу ажыратыңыз;
Электр құрылғысы жанған жағдайда оны сумен сөндірмеңіз. Алдымен электр қуатын өшіріп, кейін өрт сөндіргішті немесе тығыз матаны қолданыңыз.
Электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау - өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі екендігін есте сақтаңыз!