Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ ғимаратында орналасқан заманауи «BATYR TEAM» фитнес-орталығын ашты.
Спорт кешенінің ашылуы авиация, құтқару бөлімшелері және ТЖМ-нің өзге де қызметтерінің қызметкерлерінің дене даярлығын нығайтуға бағытталған бастамалардың бірі болды. Жаңа фитнес-орталық заманауи спорт кешендеріне қойылатын барлық талаптарға толық сәйкес келеді және қызметкерлердің жоғары дене дайындығын сақтап, қарқынды қызметтен кейін күш-қуатын қалпына келтіруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ашылды.
Кең әрі функционалды жаттығу залы заманауи кәсіби жабдықтармен және күштік әрі кардио жаттығуларына арналған тренажерлармен толық қамтамасыз етілген. Фитнес-орталықта ерлер мен әйелдерге арналған жайлы жеке киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары, сауна, сондай-ақ стретчингке арналған арнайы аймақ қарастырылған. Сонымен қатар, қызметкерлердің жаттығудан кейін күш-қуатын қалпына келтіріп, жайлы жағдайда демалуына арналған спорттық сусындар ішетін және тынығатын жеке аймақ жабдықталған.
Заманауи интерьер мен сапалы жабдықталуы жетекші фитнес-орталықтардың деңгейіне сай келетін қолайлы жағдай қалыптастырады. Мұнда кәсіби құтқарушылардың да, министрліктің басқа да бөлімшелері қызметкерлерінің де тиімді жаттығу жасауына қажетті барлық мүмкіндік қарастырылған.
Тұрақты түрде өткізілетін жаттығулар жеке құрамның күш-қуатын, төзімділігін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және психологиялық орнықтылығын дамытуға ықпал етеді. «BATYR TEAM» фитнес-орталығының ашылуы ведомство қызметкерлеріне арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту жолындағы кезекті қадам болды. Бұл бастама олардың денсаулығын нығайтуға, кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және қызмет өткеру үшін лайықты жағдай жасауға бағытталған.