
Шомылу маусымда су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі тыйым салынған және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:
- балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің бақылауынсыз шомылуына жол бермеңіз;
- тыйым салынған және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері қойылған жерлерде шомылмаңыз;
- мас күйде суға түспеңіз;
- шомылу аумағын белгілейтін қалқымалардан асып жүзбеңіз;
- шағын көлемді кемелер мен өзге де жүзу құралдарына жақындамаңыз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгімеңіз;
- жүзуге арналмаған заттармен суда жүзбеңіз.
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи жартастардан, тастардан, қоршаулардан және осы мақсатқа арналмаған өзге де құрылыстардан суға секірмеңіз.
Осы қарапайым қағидаларды сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Өрт қауіпті кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз.
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады:
- ормандарда және ашық жерлерде от жақпаңыз;
- жанып тұрған сіріңкелер мен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз;
- табиғатта шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;
- өрт туралы дереу 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз.