Сел қаупі туындаған кездегі қауіпсіздік ережелері

Сел қаупі туындаған кездегі  қауіпсіздік ережелері

  Сел тасқыны – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс.

  Сел қаупі туындауының белгілері: қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жаңбырдың жаууы; сел қауіпті өзеннің бастауындағы мұздықтық көлдер мен олардың ақтарылу қаупін туғызатын ауа температурасының кенеттен және ұзақ уақытқа көтерілуі; өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе көтерілуі, су лайлылығының артуы.

  Сел тасқын қаупі төнгенде  немесе туындағанда қауіпсіздік ережелері

  Жақындап қалған сел тасқынынан елді-мекендерді құлақтандыру кезінде, сонымен қатар тасқынның алғашқы белгілерінде ғимараттан тезірек кетіңіз, айналаңыздағыларға ескертіп қауіпсіз жерге шығыңыз. Өрт туындамауы үшін үйден шығарда пештегі отты толық өшіріп, газ крандарын жауып, жарықты сөндіріп, барлық электр құрылғыларын ток көзінен ажырату қажет.

  Егер үй қауіпті зонада орналасқан болса алдын-ала эвакуация кезінде алып кететін құжаттар тізімін, заттарды және дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Арнайы қапшықтарға (шабадан) құнды заттарды, жылы киімдерді, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмектерді салып қойыңыз. Сел жүріп өткеннен кейін сел жүрісінің қайталануынан, беткейлердің сырғуынан, зақымдалған және иілген электр сымдарынан, зақымдалған газ құбырларынан сақтану керек.

  Сел қауіпті өзен арнасына жақын жерде тұратын және жұмыс істейтін тұрғындардың, сәйкес жауапты ұйымдардың хабарламаларын мұқият тыңдаңыз. Сел тасқынының қаупі жайлы сигналдар (құлақтандыру) бойынша өзіңізбен бірге құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге эвакуацияны жүзеге асырыңыз. Қозғалыс маршруты және жинақталу пункті ТЖ бойынша аудандық бөлімдерде және тұрғылықты жер бойынша нақтылануы керек.

  Қауіпсіздік шаралары:

  Егер сел қауіпті арнаның жоғарғы жағында қарқынды нөсер жаңбыр байқалса сел қауіпті арнадан кетіңіз. Жоғары жағында көл байламдары бар сел қауіпті арнаға жақын жерде демалуға тоқтамаңыз. Қозғалыстағы сел тасқындарына 50-70 метрден жақын бармаңыз.  Тік құздар мен тік беткейлерге жақын тоқтамаңыз, өйткені сел жүрісі кезіндегі шайқалудан ол жерлерде тас жауу немесе опырылым болуы мүмкін. Сел қаупінің белгілері байқалған жағдайда, өзен арнасынан дереу қауіпсіз қашықтыққа шығып, тау беткейімен жоғары көтеріліңіз. Сел толқыны өткеннен кейін де сел арнасына түспеңіз.