Қазақстанда 210-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 210-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Қарағанды облысының Саяқ кентінде 210-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу салтанаты өтті. Жаңа өрт сөндіру бекеті 2 300 тұрғыны бар Саяқ кентінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Қызмет атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Өрт сөндіру бекеті өрт техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жарақтармен және жауынгерлік киіммен қамтамасыз етілген. Бұл өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартып, жедел әрекет етудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  Өрт сөндіру бекетінің ашылуы өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайтудағы және елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру өртке қарсы инфрақұрылымды одан әрі дамытуға және ауыл тұрғындарының қорғалу деңгейін арттыруға ықпал етеді.