«Жас құтқарушы-2026» республикалық слетінде алғашқы жеңімпаздар анықталды

«Жас құтқарушы-2026» республикалық слетінде алғашқы жеңімпаздар анықталды

  Көкшетау қаласында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жас құтқарушылар командаларының басын қосқан «Жас құтқарушы-2026» республикалық слетінің алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті.

  Саптық даярлық бойынша жарыс Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында өтті. Қатысушылар саптық машықтарын, тәртіптілігін, іс-қимылдарының үйлесімділігін және командалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

  Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: І орын - Жетісу облысы; ІІ орын - Шығыс Қазақстан облысы; ІІІ орын - Қызылорда облысы. 

  Күннің екінші жартысында Мәдениет үйінде «Визит карточкасы» шығармашылық байқауы өтті. Командалар өз өңірлерін таныстырып, шығармашылық қабілеттерін, әртістік шеберліктерін, ұйымшылдықтарын және туған өлкеге деген құрметтерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
1 орын – Солтүстік Қазақстан облысы;
2 орын – Абай облысы;
3 орын – Қызылорда облысы.

  Ертең қатысушыларды жаңа сынақтар күтіп тұр. Жарыс «Өрт эстафетасы» және «Жауынгерлік қанат жаю» кезеңдері бойынша жалғасады. Бұл сайыстарда командалар болашақ құтқарушыларға қажетті жылдамдықтарын, іс-қимылдарының үйлесімділігін, дене дайындығын және практикалық дағдыларын көрсетеді.