
Қазақстанның ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Құрғақ, ыстық және желді ауа райында от жағуға және қоқыс өртеуге қатаң тыйым салынады. Қолайлы ауа райы жағдайында ашық отты тек арнайы белгіленген орындарда, ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта және міндетті түрде тұрақты бақылаумен пайдалануға рұқсат етіледі.
Мангал, гриль және барбекю құралдарын пайдалану ғимараттардан кемінде 10 метр қауіпсіз қашықтық сақталған жағдайда рұқсат етіледі. Сонымен қатар тағам дайындайтын орын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен - өрт сөндіргішпен немесе көлемі кемінде 10 литр суы бар ыдыспен жабдықталуы тиіс.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады:
- от көздерін қараусыз қалдырмаңыздар;
- толық сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамаңыздар;
- құрғақ шөпті өртеуге жол бермеңіздер;
- аумақтарды жанғыш қоқыстан уақтылы тазартыңыздар;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.
Өрт белгілері анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар.