Қазақстанда 200-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 200-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 200-ші ерікті өртке қарсы құралым ашылды.

  Салтанатты ашылу рәсіміне ТЖД бастығы Бағдат Чайзада, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

  Нысан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды. Еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаратын болады, олардың қызметі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. ТЖМ бекетті өрт-техникалық жабдықтармен, автоцистернамен, арнайы жауынгерлік киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті.

  Өрт қауіпсіздігімен құрамына Қарнақ, Шаштөбе, Шекербұлақ, Жүйнек және Шыпан елді мекендері кіретін, жалпы саны 21 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдық округ қамтылды. Бекеттің ашылуы төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.