Қазақстанда 198-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 198-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Ақмола облысы Степногорск қаласының Ақсу кентінде 198-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу рәсімі өтті. Жаңа нысан өрт жағдайларына жедел ден қоюды қамтамасыз етіп, елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

  Нысан жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ашылды. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызмет атқаруға және техниканы орналастыруға қажетті жағдайлар жасалды. Бекет өрт сөндіру автоцистернасымен және қажетті өрт-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ тәулік бойы кезекшілік атқаратын жеке құрам жасақталды және төтенше жағдайларға дайындық қамтамасыз етілді.

  Өрт сөндіру бекеті ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі жүйесін дамыту аясында құрылды. Оның ашылуы 2334 адам тұратын Ақсу кенті үшін маңызды. Ең жақын мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесіне дейінгі қашықтық 20 шақырымды құрайды, сондықтан жеке бөлімшенің болуы оқиға орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.