Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Коскөл ауылдық округінде 195-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы өтті. Бекет Коскөл ауылдық округінің 650 тұрғыны мен 100 тұрғын үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Чингиз Самиев және Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Батырлан Сабден қатысты.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистернасы, өрт-техникалық жарақтар, жауынгерлік киім жиынтығы және жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған байланыс құралдары берілді.
Нысанды пайдалануға беру елді мекеннің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға және тұрғындарды ықтимал қауіптерден қосымша қорғауға мүмкіндік береді.