
Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің әкімшілік ғимаратында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Министрге бөлімшенің инфрақұрылымын жаңарту және жеке құрамның қызмет атқаруына заманауи жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сондай-ақ үй-жайларды ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылды, оның ішінде еден жабындысын ауыстыру, ішкі қабырғаларды жаңарту, сондай-ақ ғимараттың ішкі кеңістігін кешенді түрде жақсарту жұмыстары қамтылды.
Шолу барысында Жедел басқару орталығы мен кезекші-диспетчерлік қызметті жаңғырту жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Қызметтік бөлмелер жаңартылып, жедел кезекші ауысымдардың жұмыс жағдайы жақсартылды, сондай-ақ жекелеген жұмыс аймақтары техникалық тұрғыдан қайта жарақтандырылды.
Өңірдегі ТЖМ нысандарының материалдық-техникалық базасын дамыту және жаңғырту жұмыстары әлі де жалғасатын болады.