Шағын көлемді кемелерді бақылау функциясы Төтенше жағдайлар министрлігінің құзырына берілді

Шағын көлемді кемелерді бақылау функциясы Төтенше жағдайлар министрлігінің құзырына берілді

  2026 жылғы 11 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған Заңда Төтенше жағдайлар министрлігіне шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға бақылау және қадағалау жүргізу функцияларын беру көзделген.

  Аталған өкілеттіктерді іске асыру ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап шағын көлемді кемелерді тексеру, тұрақ базаларына профилактикалық бақылау жүргізу, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда кеме жүргізушілеріне қатысты жедел әрекет ету шараларын қабылдау арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар су айдындарындағы қауіпсіздікті арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.