Қазақстанда 188-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

Қазақстанда 188-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

  Ақмола облысы Ақкөл ауданының Новорыбинка ауылында «Ауыл құтқарушылары» 188-ші ерікті өртке қарсы құрылымының ашылуы өтті. Өрт сөндіру бекеті 900-ден астам тұрғыны бар Новорыбинка ауылын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

  Бекет ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жаңғыртудан өтті. Міндеттерді орындау үшін ТЖ департаменті өрт сөндіру автоцистернасын табыстады. Сонымен қатар бөлімше арнайы киіммен, байланыс құралдарымен және өрт сөндіру жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, еріктілермен жасақталды.

  Жүргізілген жаңғырту жеке құрамның қызмет өткеру жағдайларын жақсартуға, бөлімшенің төтенше жағдайларға ден қою дайындығын арттыруға, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмірін, денсаулығы мен мүлкін неғұрлым сенімді қорғауға мүмкіндік береді.

  Ақкөл ауданындағы жаңа өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындарының өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді.