
Жыл басынан бері Қазақстан ТЖМ жүйесінде азаматтық қорғау мәселелері бойынша 8 362 тыңдаушы оқытудан өтті.
Халықты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін даярлау жұмыстарын Азаматтық қорғаныс ұлттық орталығы және ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс ұлттық орталығында 938 тыңдаушы оқытудан өтті. Олардың қатарында орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Оқу барысында қатысушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін меңгерді.
ТЖД бөлімшелерімен 7 424 адам оқытылды. Қауіпсіздік саласындағы еріктілер қозғалысын дамытуға ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері 549 ерікті дайындықтан өтіп, профилактикалық іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетіп, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру жұмыстарына қатысуда.
Халық пен мамандарды оқыту – төтенше жағдайлар жағдайында іс-қимыл жасауға дайындық деңгейін арттыруға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған ТЖМ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.