Қазақстан ТЖМ ел бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды

Қазақстан ТЖМ ел бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды

  Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысып, абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аударуда. Ведомство басшысы генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтың бастамасымен экологиялық іс-шаралар өңірлерде ТЖМ-нің жаңа нысандарын ашудың ажырамас бөлігіне айналды.

  Жұмыс сапарлары барысында министр дәстүрлі түрде көшет отырғызу шараларына қатысып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтеді. Бұл жұмысты ведомство бөлімшелері тұрақты түрде жалғастырып келеді: өрт сөндіру деполарын, құтқару станцияларын және әмбебап бөлімшелерді пайдалануға беру кезінде іргелес аумақтарды көгалдандыру, ағаш отырғызу, аллеялар мен демалыс аймақтарын құру жұмыстары жүргізіліп, табиғатты сақтау мен экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосылуда. Жыл басынан бері ТЖМ қызметкерлері ел бойынша шамамен 4 700 қарағай мен шырша көшетін отырғызды. Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

  5 маусымда жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері ел бойынша экологиялық жағдайды жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсенді түрде қатысады. Іс-шаралар Абай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астанада өтті. ТЖД қызметкерлері ерікті өртке қарсы құрылымдармен бірлесіп «Ауыл құтқарушылары» бекеттерінің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар елді мекендерді көркейтуге, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Сондай-ақ бөлімшелердің іргелес аумақтарында санитарлық тазалау және жинау жұмыстары жүргізілді. Ағаштар, бұталар және гүлдер отырғызылып, іргелес аумақтарды тазалау және санитарлық жинау жұмыстары атқарылды.

  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғау ісінде мемлекет пен қоғам күштерін біріктіруге, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.