Қазақстан ТЖМ табиғи өрттерге ден қою саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан ТЖМ табиғи өрттерге ден қою саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

  Ресей Федерациясының Алтай өлкесіндегі Локтев ауданында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрліктерінің бөлімшелері қатысқан шекара маңындағы аумақта табиғи өрттерді сөндіру бойынша бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті.

  Оқу-жаттығуға қазақстандық тараптан Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары қатысты. Барлығы 24 қызметкер мен 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шекара маңындағы аумақтарда табиғи өрттер туындаған жағдайда екі мемлекеттің жедел қызметтері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды пысықтау болды.

  Практикалық бөлім Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел штабының бейнеконференцбайланыс арқылы жедел ақпарат алмасуды қамтыды. Бұдан бөлек, бөлімшелер жоғары өтімді өрт сөндіру автоцистернасы мен жедел әрекет ету автомобильдерін қолдана отырып, шартты өрт ошағын сөндіру міндеттерін орындады. Шекарааралық сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бағытталған күштер мен құралдардың мемлекеттік шекараны жедел кесіп өту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар шекара маңындағы аумақта табиғи өрттерге уақтылы ден қоюды қамтамасыз ететін өзара іс-қимыл алгоритмдерін іс жүзінде пысықтады.

  Бірлескен іс-қимылдарды пысықтау бойынша жүйелі жұмыс мемлекетаралық ынтымақтастық тетіктерін, жедел ақпарат алмасуды және шекарааралық сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюды жетілдіруге мүмкіндік береді. Алынған практикалық тәжірибе табиғи өрттер мен өзге де төтенше жағдайлардан халық пен аумақтарды қорғауға арналған күштер мен құралдардың дайындығын арттыруға ықпал етеді.