Курсанттар өрт сөндіру бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыруды зерттеді

Курсанттар өрт сөндіру бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыруды зерттеді

  Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үшінші курс курсанттары үшін Ақмола облысы Красный Яр ауылының №29 жаңа өрт сөндіру бөлімінде көшпелі сабақ ұйымдастырылды.

  Сабақ барысында оларға өрт сөндіру бөлімінің материалдық-техникалық базасы, қызметтік үй-жайлар және жеке құрамның күнделікті қызметін ұйымдастыру ұсынылды. Сонымен қатар, бөлімнің күрделі жөндеуден өткен ғимараты көрсетіліп, заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу және қызметтік кабинеттердің ерекшеліктері түсіндірілді.

  Іс-шара барысында олармен дабыл бойынша жиналу және шығу нормативтері тәжірибе жүзінде пысықталды. Болашақ құтқарушылар өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін уақыт нормативіне сәйкес кию, техникаға орналасу және жедел шығу тәртібін орындады. Бұл жаттығулар курсанттардың шұғыл жағдайларда жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды.

  Сонымен қатар, курсанттарға бөлімнің заманауи өрт сөндіру техникасы, арнайы авариялық-құтқару жабдықтары және өртті сөндіруге арналған жаңа құралдары таныстырылды. Қызметкерлер техника мен құрал-жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын түсіндіріп, оларды төтенше жағдайларда қолдану тәртібін көрсетті. Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің арнайы қорғаныс киімдері мен жеке қорғану құралдарының ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берілді.

  Сабақ кәсіби қызығушылығын арттырып, тәжірибелік машықтарын жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді. Осындай тәжірибелік сабақтар болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, төтенше жағдайлар саласындағы қызметтің маңыздылығын терең түсінуге ықпал етеді.