Қазақстанда 184-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 184-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

 Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов және Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасары Айнур Сұлтанова Жиеналы ауылдық округінің Бөкенші ауылында орналасқан 184-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуына қатысты.

 Осы бекет Жаңасемей ауданы әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды. Жаңадан пайдалануға берілген нысанда диспетчерлік бөлме, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, асхана, демалыс және жатын бөлмелері қарастырылған, өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған гаражбен жабдықталған. Қарулануда автоцистерна, киім-кешек, байланыс және өрт сөндіру құралдары бар.

  184-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті Бөкенші және Маралды ауылдарының 830 тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ ауылдық жерлерде табиғи және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.