Қазақстанда 182-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 182-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев Қостанай облысы Денисов ауданының Свердловка ауылында 182-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымын ашты.

   Жаңа бекет 1800 ден астам адам тұратын Подгорный, Зааятское, Аясткое және Качержиновка елді мекендерін өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді.

  182 -ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті жергілікті кәсіпкер Инна Корнееваның қолдауымен салынды. Мұнда еріктілердің тәулік бойы кезекшілік атқаруына барлық қажетті жағдай жасалған.

  ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистернасы, өрт-техникалық жабдықтар, арнайы қорғаныш киімдері берілді.

  Еріктілер өрт қауіпсіздігінің негіздері, өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау, сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтар мен байланыс құралдарын пайдалану бойынша оқытудан өтті.