
Ақмола облысы Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округінде «Ауыл құтқарушылары»
ведомстволық бағдарламасы аясында жаңартылған ерікті өртке қарсы құрылым пайдалануға берілді.
Бекет 1553 адам тұратын үш елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бөлімше іргелес жатқан орманды-дала алқаптарын қорғау жұмыстарын жүргізеді, бұл әсіресе өрт қаупі жоғары кезеңде аса маңызды.
Еріктілердің иелігінде жергілікті серіктестік ұсынған өрт сөндіру автоцистернасы бар. Бекетті қайта жабдықтау жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Тәулік бойы кезекшілік атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жатын үй-жайлар, ас үй, санитарлық торап және техникаға арналған гараж боксы жабдықталған.
Жеке құрам құтқарушылардың қатысуымен тиісті дайындықтан өтіп, өрттердің алдын алу мен оларды сөндіру, сондай-ақ ауылдық жерлердегі төтенше жағдайларға жедел ден қою міндеттерін орындауға дайын.
Жаңартылған «Ауыл құтқарушылары» бекетінің ашылуы өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға, оқиғаларға әрекет ету уақытын қысқартуға және елді мекендерді табиғи әрі тұрмыстық өрттерден қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді.