
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысына жұмыс сапары барысында ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері демалып жатқан Кеген ауданындағы Kolsay Home курорттық аймағына барды.
Қазақстандық құтқарушылар жеке қорының қолдауымен ведомство қызметкерлері үшін жыл соңына дейін курорттық аймақта демалыс ұйымдастырылды. Жергілікті кәсіпкер Қанат Өскенов қайтарымсыз негізде қызметкерлердің тұруын қамтамасыз етті. Тамақтану мен жол шығындарын қызметкерлер өздері төлейді.
Маусым басталғалы бері мұнда ТЖМ қызметкерлерінің 16 отбасы демалып үлгерді. Демалушылар үшін катамаранмен тегін серуендеу және атпен серуендеуге жеңілдіктер қарастырылған.
Сапар барысында ТЖМ басшысы демалып жатқан қызметкерлермен тілдесіп, олардың демалыс жағдайымен танысты. Азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлеріне арналған әлеуметтік бастамаларды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.