
2026 жылғы 28-29 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шара азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Бірінші күні «I-Qostanai» смарт-орталығы базасында облыс орталығында Республикалық жедел штабты ұйымдастыру арқылы штабтық жаттығу өткізілуде. Екінші күні практикалық іс-шаралар аясында Республикалық жедел штаб Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Аманқарағай орманшылығы аумағында далалық жағдайда өрістетіледі. Оқу-жаттығуға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов басшылық етеді.
Сондай-ақ оқу-жаттығуға Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, сондай-ақ министрліктер мен азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері қатысуда.
Бүгін «Дабыл-1001» сигналы бойынша Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері дайындыққа келтірілді. ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы «Жалын» («ірі ауқымды табиғи өрттердің туындау қаупі») сигналын жеткізді.
Басқару органдарының қалыптасқан жағдайды бағалау және өрттерді жою бойынша шешім қабылдау алгоритмі пысықталуда. Мемлекеттік органдардың жедел топтары мен республикалық оқу-жаттығу штабы мүшелерінің жиыны өткізіліп, оларға қойылған міндеттер жеткізілді.
Оқу-жаттығу жоспарына орман шаруашылығы және табиғат қорғау бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының, өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің, аумақтық қорғаныс күштерінің және жергілікті атқарушы органдардың «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеттерінің, сондай-ақ Ақмола және Ақтөбе облыстары ТЖД күштері мен құралдарын тарту көзделген. Жалпы топтастыру құрамында 238 адам, 74 бірлік техника, 10 ұшқышсыз ұшу аппараты және 5 әуе кемесі бар.
Екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қатысуымен тиісті енгізу тапсырмалары бойынша практикалық іс-қимылдар жүргізілетін болады.