Аңдатпа: «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Аңдатпа: «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық  оқу-жаттығуы

  2026 жылғы 28–29 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

  Іс-шара табиғи өрттер туындаған жағдайда азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

  Оқу-жаттығуға басшылық ету және оны үйлестіру республикалық штабы Қостанай қаласында орналасады.

  Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің «Баршаңыздың назарына!» сигналы бойынша дайындығын тексеру мақсатында 2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 11:00-де елімізде қолда бар барлық дыбыстық электрсиреналар іске қосылады. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз.

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

Қостанай облысы ТЖД +7 707 630 05 37

телефонына хабарласыңыздар