
Қазақстанның ТЖМ азаматтарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖМ бөлімшелері халықпен тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізуде. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үйлерді аралау, рейдтер, тұрғындармен жиындар, нұсқамалар және түсіндіру жұмыстарын өткізуде, олардың барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары мен өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі еске салынады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына, көп балалы отбасыларға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінеді.
Барлық жерде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, тұрмыстық өрттердің негізгі себептері адами фактор болып қала береді: электр жабдықтары (жалпы өрттер санының 50%) мен жылыту пештерін орнату (20%) және пайдалану ережелерін бұзу, отты абайсыз қолдану (10%) және т.б.
ТЖМ ескертеді:
- қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіздер;
- электр сымдары мен жылыту аспаптарының жарамдылығын бақылау қажет;
- қолдан жасалған жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыздар;
- үйлерде автономды өрт датчиктерін орнатыңыздар;
- балаларды өрт кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйретіңіздер.
ТЖМ еске салады: егер өрт белгілері байқалса, 101 немесе 112 телефондары бойынша дереу хабарлау, адамдарды эвакуациялау жөнінде шаралар қабылдау және өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмей, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіруге кірісу қажет.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өмірді, денсаулықты және мүлікті сақтауға көмектеседі.