ТЖ министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан III турнир аяқталды

ТЖ министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан III турнир аяқталды

 Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан III турнирі аяқталды. Екі күн бойы еліміздің барлық өңірлерінен келген төтенше жағдайлар ведомствосының үздік спортшылары үздіктер атағы үшін бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен кәсіби шеберліктерін көрсетті.

  Турнир қызметкерлердің спорттық рухын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жауынгерлік даярлықты жетілдіруге арналған маңызды алаңға айналды. Тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер барысында қатысушылар ерік-жігерін, сабырлылығы мен жеңіске деген ұмтылысын танытты.

  Командалық есеп нәтижесінде жүлделі орындар осылай бөлінді: І орын Түркістан облысы, ІІ орын Қарағанды облысы, ІІІ орын Алматы қаласы.

  Турнирдің басты мақсаты қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене және жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайту.

  Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.