
2026 жылғы 21 мамырда Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» туристік кешенінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі кубогына ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан III турнирдің ашылу салтанаты өтті. Жарыс 21–22 мамыр аралығында екі күн бойы өтеді.
Турнирді ТЖМ «Batyr Team» ведомстволық спорт клубы мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Турнир еліміздің барлық өңірлерінен келген қатысушыларды біріктірді. Жарысқа ТЖМ жүйесінің аумақтық және ведомстволық бөлімшелерінің 250-ға жуық қызметкерінен құралған 23 команда қатысуда.
Іс-шара бөлімшелер арасындағы командалық рухты нығайтуға, кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ ведомствоның үздік спортшыларын анықтауға бағытталған. Турнир азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын, дене дайындығын және жауынгерлік өнер түрлерін кеңінен насихаттауға арналған маңызды алаң болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары шеберлік деңгейін, төзімділігін және спорттық даярлығын көрсетіп, күрделілігі жоғары жағдайларда тиімді әрекет етуге және кәсіби міндеттерді жедел орындауға дайын екендіктерін дәлелдеуде.
Турнирдің тікелей трансляциясын YouTube-тегі «112KZ» арнасынан және ТЖМ-нің ресми Instagram парақшасынан көруге болады. Қатысушыларды қолдап, жарыстың барысын онлайн форматта барлық ниет білдірушілер көре алады.