ТЖМ қызметкерлердің тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруда

ТЖМ қызметкерлердің тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруда

  Қазақстан ТЖМ «Қазақстандық құтқарушылар қоры» жеке қорымен бірлесіп, азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған қызметтік пәтерлерді жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Осы бастама аясында қазірдің өзінде 16 пәтер жөндеуден өткізілді, ал ағымдағы жылы тағы 5 пәтерді жаңарту жоспарланған. Пәтерлерде кешенді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тораптар мен душ бөлмелері жаңартылуда, сондай-ақ жиһаз, ас үй гарнитурлары, жатын орындар және қажетті тұрмыстық техника орнатылуда.

  ТЖМ үшін құтқарушылар мен олардың отбасыларының жайлы жағдайда өмір сүруі және мемлекет тарапынан қолдауды сезінуі өте маңызды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын күрделі әрі жауапты міндеттерді атқарады, сондықтан олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту әлеуметтік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Қызметтік тұрғын үйді жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.