
25–26 мамыр күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шайбалы хоккейден кубогы өтеді. Мұз үстінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген құтқарушылар командалары күш-жігерін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетеді.
Матчтар таңғы сағат 08:30-да басталады. Өтетін орны: Алматы қаласы, Halyk Arena. Көрермендерге кіру тегін.
Қала тұрғындары мен қонақтарын қатысушыларға қолдау көрсетуге және тартысты хоккей матчтарының атмосферасын сезінуге шақырамыз.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
Алматы қаласы ТЖД + 7 701 661 70 50 телефонына,
ps_dchs_alm@emer.kz эл. поштасына хабарласыңыздар