ТЖМ курсанттары СҚО-дағы модульдік құтқару станциясында даярлықтан өтті

ТЖМ курсанттары СҚО-дағы модульдік құтқару станциясында даярлықтан өтті

 Имантау көліндегі жаңа модульдік құтқару станциясының аумағында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы курсанттарымен практикалық сабақтар өтті.

  Жаттығу барысында су айдынында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері курсанттарға адамдарды суда құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету, жүзу құралдарын басқару және сүңгуірлік даярлық практикалық сабақтарын өткізді.

  Іс-шараның негізгі мақсаты курсанттардың теориялық білімдерін бекіту және төтенше жағдайларға барынша жақын жағдайда практикалық дағдыларын жетілдіру болды.

  Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жедел әрекет етуге, топ құрамында өзара іс-қимыл жасауға және судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылды.