60 секундтық қауіпсіздік: Таудағы іс-қимыл қағидалары

60 секундтық қауіпсіздік: Таудағы іс-қимыл қағидалары

  ТЖМ құтқарушылары таулы аймақта болған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Таулар мұқияттылықты, жауапкершілікті және тыңғылықты дайындықты талап етеді, өйткені сақтық шараларын сақтамаған жағдайда тіпті жеңіл бағыттың өзі өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

  Таудағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

  - Маршрутты алдын ала жоспарлаңыз, жолды зерттеп, демалыс орындары мен шығу бағыттарын белгілеңіз;

  - Ауа райы болжамын тексеріңіз, тауда ауа райы жылдам өзгереді;

  - Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды және қашан оралуды жоспарлап отырғаныңызды хабарлаңыз;

  - Ыңғайлы әрі жылы киім киіңіз, жаз мезгілінде де тауда салқын болуы мүмкін;

  - Өзіңізбен су мен жеңіл ас алыңыз, шөл мен аштық күш-қуатты азайтады;

  - Міндетті түрде дәрі қобдишасы мен навигация құралдарын: пластырь, ауырсынуды басатын дәрі, карта немесе GPS алыңыз;

  - Тауға жалғыз шықпаңыз, топпен жүрген қауіпсіз;

  - Күшіңізді үнемдеңіз, жүктемені дұрыс есептеп, демалыс үшін аялдап отырыңыз;

  - Соқпақ жолдан шықпаңыз, жолды қысқартамын деп қауіпке бармаңыз.

  Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау таудағы демалысты қауіпсіз және жайлы етуге көмектеседі.