
Халықаралық отбасы күні төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов ШҚО ТЖД №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Жасұлан Оспановтың отбасына жаңа қызметтік пәтердің кілтін табыстады.
Жаңа пәтер тұруға толық дайын. Баспанa қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Бұл құтқарушының отбасына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қызметкерлерді қолдау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту ТЖМ жұмысының басым бағыттарының бірі. Министрдің қолдауымен құтқарушылардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және қызметі мен өміріне лайықты жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.