Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

  2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де  сиреналар қосылады: Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі.

  Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілуде: 12 мамырдан бастап алдағы жоспарлы сейсможаттығу туралы және сабыр сақтауға шақыратын ұсынымдары бар бейнероликтерді теле-радиоарналар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды.

  Сейсможаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-дауыс хабарлау құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып шұғыл ақпарат беру, Masalert жүйесі және  мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады.

  «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радио қабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, әрі қарайғы іс-қимыл бойынша нұсқаулықтармен танысу қажет.

  Егер жер сілкінісі орын алса – дүрбелеңге берілмеңіз!  Қауіпсіз орынды паналаңыз. Жер тербелісінің алғашқы дүмпулер  тоқтағаннан кейін - ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықтыққа шығып, қажет болған жағдайда халықты қабылдау пункттеріне (ХҚПП) барыңыз.

  Алматы қаласында 384 халықты қабылдау пункті дайындалады. Танысуға арналған сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/documents/details/379263?lang=kk

  Олар туралы толық ақпарат 2GIS картасында «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп іздеу арқылы, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған.

  Сейсможаттығу басталғанға дейін дабыл сөмкесін дайындап, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа бағытты анықтап алыңыз. Қауіпсіз орын – электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң екенін еске саламыз.