Құтқарушылар 100 жастағы өрт сөндіруші ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

Құтқарушылар 100 жастағы өрт сөндіруші ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

  Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің атынан азаматтық қорғау органдарының ардагері Инкарбек Батырбековті Жеңіс күнімен құттықтады. ТЖД бастығы Бағдат Чайзада ардагерге құттықтау хаты мен сыйлықтар табыс етті.  

  Батырбеков Инкарбек осы салада 1946-1995 жылдар аралығында өрт сөндіру бөлімінде басшылықта әр түрлі қызметте қызмет атқарды. Ол 1946–1995 жылдар аралығында өрт сөндіру қызметі саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек еткен тәжірибелі маман. Бұл кезең елдегі өрт қауіпсіздігі жүйесінің қалыптасып, дамып келе жатқан маңызды жылдары болды. Сол уақыттардағы техника мен құрал-жабдықтардың шектеулігіне қарамастан, өрт сөндірушілер үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

  Батырбеков Инкарбек еңбек жолын қарапайым өрт сөндіруші болып бастап, кәсіби тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында басшылық қызметтерге дейін көтерілді. Ол қызмет атқарған жылдары өндіріс орындарында, тұрғын үйлерде және түрлі нысандарда орын алған өрттерді сөндіруге белсенді қатысып, төтенше жағдайларда батылдық пен табандылық көрсетті.

  1940–1950 жылдардағы өрт сөндіру бөлімінің басшысына үлкен жауапкершілік жүктелген. Сол кезеңде елде соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандықтан, өндіріс орындары, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болды.

  Өрт сөндіру бөлімінің басшысы ең алдымен жеке құрамның дайындығын ұйымдастыруға, олардың тәртібі мен кәсіби шеберлігін арттыруға жауапты болды. Ол өрт болған жағдайда өрт сөндірушілердің іс-қимылын үйлестіріп, күш пен техниканы дұрыс бағыттап, адамдардың өмірін және мемлекеттік мүлікті қорғауды қамтамасыз етуге міндетті еді, сондай-ақ жас қызметкерлерді тәжірибеге үйрету болды. Батырбеков Инкарбек осы міндеттердің орындалуына үлкен үлес қосып, өз тәжірибесін кейінгі буын өрт сөндірушілерге үйретіп отырды.

  Біз ардагерлерімізді тыл және еңбеккерлерін мақтан тұтамыз. Олардың ерлігі мен жанқиярлығы көптеген қазақстандық ұрпақ үшін батылдықтың, даңқтың және отансүйгіштіктің символына айналды.