Құрметті ардагерлер, құтқарушылар! Қадірлі отандастар!

Құрметті ардагерлер, құтқарушылар! Қадірлі отандастар!

  Сіздерді Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан және өз атымнан Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

  9 мамыр - ерлік пен батырлықтың, қайсарлық пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Ардагерлеріміздің жанқиярлық ерлігі ел тарихында мәңгі сақталып, нағыз қаһармандықтың, мықты рух пен табандылықтың үлгісі болып қала береді.

  Біз майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және Жеңісті жақындатуға үлес қосқан барша азаматтарды әрдайым зор құрметпен еске аламыз. Олардың өмір жолы мен елге деген адалдығы біз үшін отансүйгіштіктің айқын үлгісі.

  Бүгінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері осы игі дәстүрді жалғастырып, күн сайын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Олар өз қызметінде кәсібилік, жауапкершілік пен батылдық танытуда.

  Баршаңызға зор денсаулық, амандық және ашық аспан тілеймін. Әр шаңырақта жылу мен бақыт орнасын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-лейтенант
Шыңғыс Әрінов