Құтқарушылар тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Құтқарушылар тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

  Жеңіс күні қарсаңында ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов және ведомство қызметкерлері Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлеріне барып, соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбектері үшін алғыс білдірді.

  Құтқарушылар арнайы барған жандардың бірі Зоя Александровна Ларионова. Соғыс басталған кезде ол анасымен және екі әпкесімен бірге колхозда еңбек етіп, майданды қажетті заттармен қамтамасыз етуге атсалысқан. Соғыстан кейін Зоя Александровна өмірінің 29 жылын өрт күзеті қызметіне арнап, өрт сөндіру бөлімінде диспетчер болып еңбек етті.

  «Мені ұмытпай, құрмет көрсетіп жүрген әріптестеріме өте ризамын. Қазір құтқарушылардың заманауи техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгені қуантады. Жігіттердің осындай жағдайда қызмет етіп жүргенін көру мен үшін ғанибет», - деп Зоя Александровна бөлісті.

  ТЖД қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысушының жұбайы әрі тыл еңбеккері Нина Никитична Таланованы да Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Соғыс жылдары ол майдан қажеттілігі үшін аянбай еңбек етіп, ортақ Жеңіске өз үлесін қосты.

  Сонымен қатар ШҚО ТЖД аудандық бөлімшелерінің жеке құрамы облыс аудандарындағы тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. Жылы жүздесулер, алғыс сөздер мен қамқорлық ұрпақтың ерлігіне деген тағзымның белгісіне айналды.

  Ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұлықтау, олардың өнегесін жас ұрпаққа жеткізу патриоттық тәрбиенің және ұрпақтар сабақтастығының маңызды бөлігі болып қала беретінін атап өтті.