Отанға адалдық пен өрттегі батылдық

Отанға адалдық пен өрттегі батылдық

  Азатхан Ережепов - «ар-намыс» пен «борыш» ұғымдары оның өмірлік мәніне айналған тұлға. Оның ерлігі азаматтық қорғау қызметі қатарында қазіргі заманның нағыз батырлары еңбек ететінін тағы бір мәрте дәлелдейді.

  Азатханның азаматтық қорғау органдарындағы қызметі 2016 жылы басталды. Қызмет жолында ол қатардағы жауынгерден бөлімше командиріне дейін көтерілді, бұл лауазымға 2024 жылдың шілде айында тағайындалды. Ұжымда оны жоғары кәсібилігімен, тәртіптілігімен және әрдайым көмекке дайын тұратын жауапкершілігімен таниды. Төтенше жағдайларды жою кезінде ол әрдайым алдыңғы шептен көрініп, батылдығы мен жанқиярлық еңбегімен ерекшеленіп келеді.

  Осындай ерлігін айқын көрсеткен шешуші сәттердің бірі 2025 жылғы 18 қыркүйекте Шымкент қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында орын алған өртті жою операциясы болды. Нысанның ауқымына байланысты күштер мен құралдар жоғары шақыртумен жөнелтілді. Қалың түтін мен тез көтерілген температура жағдайында барлау жұмыстарына №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау майоры А. Дилмишевтің басшылығымен газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы алғашқылардың бірі болып кірісті. Оның құрамына аға сержант Ережепов пен кіші сержант Д. Тастан болды. Бірлескен қимылмен олар нөлдік көріну аймағына енді.

  Үшінші қабатқа орталық эскалатор арқылы көтерілу аса қауіпті жағдайда өтті: жоғары температура пластикті ерітіп, қалың түтін сынған әйнектерді жасырып, жолды күрделендірді. Радиобайланыс арқылы азаматтық қорғау полковнигі А. Сапаевтың  нақты бұйрықтар беріліп, жеке құрамның іс-қимылы үйлестіріліп отырды. Міндет фитнес-орталық аумағында қалған адамдарды табу еді.

  Түтін мен қираған әйнектер арасымен алға жылжыған құтқарушылар үшінші қабаттағы фитнес-залға жетті. Жұмыс үйлесімді жүргізіліп, әр аймақ жылукамера көмегімен мұқият тексерілді. Душ бөлмелерінің бірінен ес-түссіз жатқан орталық әкімшісі табылды.

  Осы сәтте әр секунд шешуші мәнге ие болды. Зардап шеккен адам жағдайының ауырлығын бағалаған Азатхан Ережепов ең жауапты міндетті өз мойнына алды. Ол әйелді қолына алып, түтін мен жоғары температураға қарамастан ғимараттан эвакуациялап, жедел жәрдем қызметіне табыстады.

  Құтқарушылардың үйлесімді әрекеті мен Азатхан Ережеповтің батыл қадамының арқасында адам өмірі аман қалды. Бұл оқиға оның қызметтік борышына деген адалдығын айқын көрсетті.

  Бүгінде аға сержант Ережепов қызметін жалғастырып, ерлік пен кәсібіне адалдықтың үлгісі болып отыр. Оның тарихы бізге бір шындықты еске салады: батырлар арамызда, ал олардың басты мақсаты еліміздің азаматтарының қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау.