Алматы тауларында таулы учаскелерге аэровизуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді

Алматы тауларында таулы учаскелерге аэровизуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді

  ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласының ТЖД-мен бірлесіп Іле Алатауы жотасының орталық бөлігіне аэровизуалды зерттеу жұмыстарын жүргізді.

  Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша таулы аймақта айтарлықтай қар қоры анықталды. Қар сызығы теңіз деңгейінен 2600–2700 метр биіктікте тұрақтаған. Мұздақ көлдердің жағдайы тұрақты, су айдындары қар астында, су ағыны байқалмайды.

  Қазіргі жағдай тұрақты болғанымен, қар қорының көп болуы және температураның құбылуы алдағы сел қаупі кезеңінде күрделі ахуалдың қалыптасуы мүмкін екенін көрсетеді. Ауа райы жағдайы, күрт жылыну немесе нөсер жауын-шашын сияқты негізгі қауіп факторы сел үдерістерін белсендіруі мүмкін. Мониторинг штаттық режимде жүргізілуде.

  «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласында, Алматы және Жетісу облысында жарылу қаупі жоғары 14 мұздақ көлді анықтады. Ағымдағы маусымда бұл көлдерде мұздақ көлдерді босату бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілетін болады.