
Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 3-курс курсанттары арасында іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты – курсанттардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда жедел және дұрыс әрекет ету қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын нығайту.
Қатысушылар зардап шеккендерді іздеу, құтқару және эвакуациялау, алғашқы көмек көрсету, авариялық-құтқару жабдықтарын тиімді пайдалану бойынша тапсырмаларды орындап, оқу-жаттығу кезеңдерінен өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша: №2 құтқару буыны - 1 орынды, №3 құтқару буыны - 2 орынды, №1 құтқару буыны - 3 орынды иеленді.
Курсанттар жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, төтенше жағдайларда сенімді әрі үйлесімді әрекет ету қабілеттерін дәлелдеді.