2026 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026 жылғы сел және сырғыма қауіпті кезеңдер мен шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды. «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласында, Алматы және Жетісу облыстарында орналасқан жарылу қаупі жоғары 14 мұздақ көлді айқындады, онда биылғы маусымда алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Биыл азаматтардың судағы қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін тәулік бойы ТЖМ-нің 50 құтқару станциясы және су айдындарының қауіпті учаскелерінде қосымша орналастырылған 168 мобильді құтқару бекеті жұмыс істейтін болады.
Вице-министр сел және сырғыма қауіпті кезеңдерге уақтылы дайындалу, мониторингті күшейту, азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Профилактика және халықты ақпараттандыру мәселелеріне, сондай-ақ шомылу маусымы кезеңіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.