Түркі мемлекеттері ұйымының азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойылды

  Мемлекет басшысымен «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» 2026 жылғы 26 наурыздағы № 274-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

  Келісім Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында туындауы мүмкін төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін дүлей зілзалаларға ден қоюдың бірлескен әлеуетін құру, сондай-ақ құтқару бөлімшелерінің кәсіптік даярлық деңгейін арттыру мақсатында халықаралық ұйым құруды көздейді.

  Осы Келісімді жүзеге асыру азаматтық қорғау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдың келісілген тәсілдерін әзірлеуге, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік деңгейін арттыру мүддесінде түркі мемлекеттерімен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.