1 мамырда Қазақстан Республикасында достықтың, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың символын бейнелейтін мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі.
Қазақстан ТЖМ қатарында 36 ұлттың өкілі қызмет етеді, олардың ішінде орыстар, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, әзербайжандар, грузиндер, түріктер, армяндар, қырғыздар, башқұрттар, болгарлар, гректер, дүнгендер, ингуштар, қытайлар, құрттар, қарақалпақтар, литвалықтар, мариялықтар, молдовандар, мордвиндер, ноғайлар, осетиндер, поляктар, тәжіктер, түрікмендер, удмурдтар, шешендер, чуваштар, лезгиндер, аварлар бар.
Олардың әрқайсысы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға өз үлесін қосады. Олардың арасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін әртүрлі ұлттардың өкілдері болып табылатын ерлі-зайыптылар да бар.
Мереке қарсаңында ТЖМ барлық аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде тақырыптық іс-шаралар өтті. Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық дәстүрлерін, костюмдері мен тағамдарын көрсете отырып, мәдени кездесулер ұйымдастырылды. ТЖМ көпұлтты құрамы – бұл бірліктің, нағыз бауырластық пен кәсібиліктің жарқын үлгісі.