
2026 жылғы 30 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өрт қауіпті кезеңінің басында» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер болып ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мақсат Мұратұлы Елемесов және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Дәулетбайұлы Төлешев сөз сөйледі.
Асқар Төлешев табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша белсенді жұмыс алдын ала өрт қауіпті кезеңге дейін басталғанын хабарлады.
Оның қауіпсіз өтуі үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігімен, әкімдіктермен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп кешенді шаралар қабылдады.
Әдеттегідей өртті алдын алуға және ерте анықтауға басты назар аударылады. Республикалық жедел штаб жұмысын бастады.
Үйлестіру цифрлық сервистер шоғырланған ТЖМ-ның Ахуалдық залының техникалық мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда өртті ерте анықтау және космомониторинг жүйелерінің деректері арқылы өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Қосымша «Табиғат» жүйесі, найзағай бағыттау сервистері және «Төтенше жағдайлардың геоақпараттық жүйесі» қосылды.
Орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Өрт қауіпті жағдайды бақылау үшін аэровизуалды зерттеулер жүргізілуде, ұшқышсыз ұшу аппараттары іске қосылды. Жыл сайынғы практика бойынша орманшылықтарда механикаландырылған күзет ұйымдастырылды.
Ауылдық жерлерде азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламаны іске асыру жалғасуда. Бағдарлама жұмыстың басым бағыттарының біріне айналды және шалғайдағы елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Елімізде 169 өрт сөндіру пункті құрылды, олардың күшімен 900-ге жуық өрт жойылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында орман күзетінің, өрт сөндіру станцияларының және әуе қызметінің 360 басшысы оқытылды.
Мамырда Қостанай облысында «Өрт-2026» республикалық оқу-жаттығуы жоспарланған.
Табиғи өрттердің шектес мемлекеттердің аумағынан ықтимал өтуі қаупі төнген кезде өзара іс-қимылды пысықтау үшін мемлекеттік шекара арқылы авариялық-құтқару құралымдарын оңайлатылған өткізуді пысықтай отырып, трансшекаралық оқу-жаттығулар жоспарланды.
Сонымен қатар табиғатты қорғау және орман мекемелерімен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде.
Табиғи өрттердің пайда болу қаупінің алдын алу үшін өңірлерде аумақты тазарту және жер жырту жұмыстары жүргізілуде.
Шаруа қожалықтарына аралау жүргізіліп, қызметкерлер мен басшыларға нұсқама берілуде, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы тексерілуде.
Орманды дала алқаптарында профилактикалық рейдтер мен патрульдеу басталды. ТЖМ, полиция және орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 645 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Профилактикалық іс-шаралар өрт қауіпті маусым бойы жалғасады.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырамыз:
- ормандарда және ашық жерлерде от жағуға тыйым салынады;
- құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіздер;
- сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыздар;
- өрт шыққан кезде дереу 101 немесе 112 телефоны бойынша хабарлаңыздар.
Сенбіліктерді өткізу, үй маңындағы аумақтарды, бақша және саяжай учаскелерін тазалау кезінде ерекше сақ болу керек.
От көздеріне мұқият болыңыздар! Құрғақ, ыстық және желді ауа-райында от және қоқыстарды жағуға тыйым салынады. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.