
Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» РММ Бауыртал орманшылығы аумағында орман өрттерін шартты түрде сөндіру бойынша тактикалық-арнайы сабақтар өткізді. Жаттығу іздеу-құтқару жұмыстарын бір уақытта пысықтау арқылы өтті.
Авиация мен жердегі қызметтердің өзара әрекеттесуіне ерекше назар аударылды. Сабақ шеңберінде жедел кезекшілердің іс-қимылдары, ұшуға авиабортты дайындау, өртті сөндіру және зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде күштерді үйлестіру және қауіпсіздік шараларын сақтау пысықталды.
Сабаққа ТЖД жеке құрамынан 14 қызметкері және «Қазавиақұтқару» АҚ-ның көлемі 5 тоннаға дейінгі су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Авиация Кезентал көлінен су алуды, содан кейін шартты өрт ошағын сөндіруді пысықтады. Сонымен қатар жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулау және шартты зардап шеккендерді құтқару бойынша әрекеттері пысықталды.
Мұндай тактикалық және арнайы сабақтар қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ орман өрттерін жою және бөлімшелермен өзара әрекеттесу кезіндегі іс-қимылдардың үйлесімділігіне ықпал етеді.