
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» республикалық бағдарламасы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Акция барысында қызметкерлер бекітілген учаскелерде санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, іргелес аумақтарды абаттандырды, қоқыс жинады. Қоғамдық кеңістіктер мен адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аударылды.
Ведомствода қауіпсіз ортаны қалыптастыру қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараусыз мүмкін еместігін атап өтеді. Мұндай бастамаларға қатысу ТЖМ қызметкерлерінің тек қызметтік міндетіне ғана емес, қоғамдық құндылықтарға да адалдығын көрсетеді.
Қазақстан ТЖМ аталған бағдарлама аясында экологиялық бастамаларды қолдауды жалғастыруда. Дәстүрлі түрде жаңа нысандарды пайдалануға беру кезінде аумақтарды көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді, ағаш отырғызу және жасыл аймақтар жасау жұмыстары жүргізіледі.