«Ауыл құтқарушылары» Түркістан облысының ауылдарында өрт қауіпсіздігін нығайтуда

«Ауыл құтқарушылары» Түркістан облысының ауылдарында өрт қауіпсіздігін нығайтуда

  Түркістан облысында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.

  2025 жылдан бастап өңірде осындай 10 пункт ашылды. Жыл басынан бері еріктілер мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп 15 өртті жоюға қатысып, тағы 2 өртті өз күштерімен толық сөндірді.

  Әрбір бөлімше қажетті өрт сөндіру техникасымен, жауынгерлік киіммен және радиобайланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, әсіресе шалғай ауылдық аймақтарда жеделдік өрттің таралуының алдын алу мен залалды азайтуда шешуші рөл атқарады.