Қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылау күшейтілді

Қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылау күшейтілді

  23 сәуірде ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік бақылау қызметтерін күшейту» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев сөз сөйледі.

  Елімізде қауіпті өндірістік объектілердің белгілері бар қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын 229 979 объект және 10 874 субъект бар.

  Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыру және ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынатын өндірістік бақылау қызметін (ӨБҚ) құру міндеті «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген.

  Аталған Заңның 40-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жұмыскерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің тәуекелін бар мүмкіндігінше азайту мақсатында ұйымның басшысы бекіткен нормативтік акт негізінде жүзеге асырады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері көрсетілген мақалада көрсетілген.

  ӨБҚ лауазымды тұлғасы ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалады және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асырады. ӨБҚ лауазымды тұлғаларына қойылатын біліктілік талаптары нақты кәсіпорынның ерекшелігі, саласы мен қызметі ескеріле отырып, Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес қойылады. Қандай да бір нақты біліктілік талаптарын ұсыну көзделмеген.

  Еңбек кодексінің 202-бабына сәйкес құрылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (ол да ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынады) және ӨБҚ әртүрлі қызметтер болып табылатынын, әр түрлі жауапкершілік саласы мен міндеттері бар екенін ескеру қажет және функциялар мен міндеттерді біріктірмей тәуелсіз және жеке бөлімшелер ретінде жұмыс істеуі керек екенін ескеру қажет.

  Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығымен бекітлген Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта егжей-тегжейлі көрсетілген.

  ӨБҚ лауазымды адамдары санының нормативтері Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 447 бұйрығымен бекітілген. ӨБҚ лауазымды адамдарының жалпы санын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым мынадай көрсеткіштерді ескере отырып қалыптастырылған есеп негізінде айқындайды: пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың саны, субъектілердің (объектілердің) тәуекел дәрежесі, қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың тозу үлесі.

  Субъектінің (объектінің) тәуекел дәрежесіне және тозу үлесіне қарамастан 51 бірліктен кем қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдар инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан кемінде 1 (бір) ӨБҚ лауазымды адамның болуын қамтамасыз етеді. Қауіпті техникалық құрылғылардың саны аз болған кезде және өндірістік бақылау жөніндегі маманның толық жүктелмеуін ескере отырып, міндеттерді қоса атқару көзделмеген.