Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша турнирдің салтанатты жабылуы

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша турнирдің салтанатты жабылуы
  Елордада ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасы «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына арналған II турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
 
  Жабылу салтанатына ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Кайракбаев, Қазақстан Республикасы «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығының» төрағасы Дархан Халмуратов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Даурен Данаев, сондай-ақ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қатысты.
 
  Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен жиналған үздік спортшылар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, кәсібилік пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Бірнеше күн бойы қатысушылар өрт сөндіру-құтқару спортының түрлі дисциплиналарында бақ сынап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
 
  Жабылу салтанаты аясында турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
 
  Ерлер арасындағы қос сайыс қорытындысы:
•1 орын — Подгородецкий Петр, Астана қаласы (30,12 сек);
•2 орын — Черносвитов Максим, Шығыс Қазақстан облысы (30,35 сек);
•3 орын — Буторин Николай, Шығыс Қазақстан облысы (30,35 сек).
 
  Әйелдер арасындағы қос сайыс қорытындысы:
•1 орын — Серикханова Алла, Астана қаласы (23,98 сек) — Қазақстан Республикасының жаңа рекорды;
•2 орын — Подгородецкая Кристина, Астана қаласы (24,01 сек);
•3 орын — Красавская Екатерина, Ақмола облысы (24,02 сек).
 
  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
 
  Турнир жоғары ұйымдастыру деңгейінде өтіп, өрт сөндіру-құтқару спортының елімізде дамуына зор үлес қосатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қатысушылар мен қонақтар ұйымдастырушылардың үйлесімді жұмысын, дайындықтың жоғары деңгейін және нағыз спорт мерекесінің атмосферасын ерекше атап өтті.