
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына арналған II турнир аясында екінші кезең - 100 метр кедергілері бар жолақтан өту дисциплинасы бойынша жарыстар өтті.
Бұл кезеңде спортшылар жылдамдықпен қатар дәлдік, үйлесімділік және техникалық шеберліктерін көрсетті. Әр секунд нәтижеге әсер етіп, тартысты бәсеке қалыптасты.
Айта кету керек, іріктеу кезеңдерінде Астана қаласының спортшысы Алла Сейрханова жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасының екі ұлттық рекордын жаңартты: 100 метр кедергілері бар жолақты еңсеру бойынша - 16,37 секунд (бұрынғы рекорд 16,42 секунд), қоссайыс бойынша - 23,98 секунд (бұрынғы рекорд 24,18 секунд).
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында:
1 орын - Буторин Николай, Шығыс Қазақстан облысы (16,4 секунд)
2 орын - Мауланов Сарвар, Шымкент қаласы (16,73 секунд)
3 орын - Избасаров Ильдар, Түркістан облысы (20,09 секунд)
Әйелдер арасында:
1 орын - Красавская Екатерина, Ақмола облысы (16,72 секунд)
2 орын - Реджеметова Ситора, Маңғыстау облысы (16,96 секунд).
3 орын - Лукьянова Алена, Қостанай облысы (17,18 секунд).
Жеңімпаздар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз өңірлерінің намысын абыроймен қорғады. Бұл нәтижелер жүйелі жаттығу мен табандылықтың айқын дәлелі.