
Астана қаласы ТЖД «Құтқарушы» спорт кешенінің базасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына II турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына ҚР ТЖМ өртке қарсы комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев, ҚР «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығының» төрағасы Дархан Халмуратов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ Атқарушы директоры Дәурен Данаев, Астана қаласы ТЖД басшылық құрамы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.
Турнирге «Өскемен-2026» қысқы чемпионаттарының қоссайыс қорытындысы бойынша еліміздің 15 өңірінен ерлер арасында үздік 60 спортшы және әйелдер арасында үздік 40 спортшы қатысады. Ол жеке біріншілікте екі дисциплина бойынша өткізіледі: шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метр кедергілері бар жолақтан өту.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына II турнирінің бірінші кезеңі шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2 және 4-қабаттарына көтерілуде жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында:
1-орын - Черносвитов Максим, Шығыс-Қазақстан облысы (14,01 секунд)
2-орын - Байтиков Бахтияр, Қостанай облысы (14,42 секунд)
3-орын - Айтекеев Ислам, Қостанай облысы (14,55 секунд).
Әйелдер арасында:
1-орын - Байтикова Айдана, Қостанай облысы (7,28 секунд);
2-орын - Жумакова Сәнім, Маңғыстау облысы (7,32 секунд);
3-орын - Серикханова Алла, Астана қаласы (7,38 секунд).
Ертең жарыс 100 метр кедергілері бар жолақтан өту бойынша жалғасады.